Тасмалталар.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0 Су ағындарымен немесе салмақ күші әсерінен дамылсыз домалауы нәтижесінде жұмырланған тас кесектері. Әдетте мөлшері 10-100 мм аралығында жұмыр кесектерді ғана тасмалталар деп атайды. Тасмалталардың мөлшеріне орай ірі кесекті (50-100 мм), орташа кесекті (25-50 мм) және ұсақ кесекті (10-25 мм) болып үш түрге бөлінеді.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.

Дереккөздер

Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология