Жақсыкөң – Құланөтпес алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 160 км, су жиналатын алабы 4050 км².

Бастауы Ұлытаудағы Желдіадыр қыратының шығыс етегінен басталады да Баршын ауылы тұсында Құланөтпестің саласы - Көң өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы бастауында тар, жағасы жарлы-кемерлі, орта және төменгі жағында жайылмасы 2 - 3 км-ге дейін кеңейеді. Ірі салалары: Талдысай, Торанша. Жылдық орташа су шығыны 0,82 м³/с. Негізінен, жайылым суландырылады. Аңғарында ойдым-ойдым шабындық бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қорғалжын ауданы өзендері