Қожал полиметалл кен орны - Қарағанды облысындағы Жаңаарқа темір жол станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 километр жерде. 1952 жылы ашылып, 1960 жылға дейін барланған.
Жатыс сипаты Қожал полиметалл кен орнында солтүстікке, солтүстік-шығысқа қарай еңкіш келген линза пішінді, кейбіреуінің ұзындығы 400 метрге жететін 15 кен денелері бар.
Минералдары, құрамы Басты кентас минералдары – галенит, сфалерит, пирит. Құрамындағы қорғасын мен мырыш мөлшері 1%-дан аспайды, сондай-ақ кентас құрамында, алтын, күміс бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары Санат:Полиметалл кендері