Майна, үнді қараторғайы () - қараторғайлар тұқымдасына жатады. Дене ұзындығы 25 см, қоңыр, көкшіл-сұр, ақ қауырсынды; тұмсығы мен аяқтары сары. Негізгі мекені Оңтүстік Азия. 20 ғ. 30-шы жылдары Орта Азияда өзен бойында және жаңадан игеріліп жаткан шөл аудандарда, Сырдарияның төменгі жағалауларына және Батыс Түрікменияға жеткен, Ташкентке, Алматыға және басқада қалаларға жеткізілген. Отырықшыл өмір сүреді, көбіне елді-мекендерде. Ұяларын үй шатырлары, қабырғаларына, ағаш кәуектеріне және жыраларға да салуы сиректе болса кездеседі. Жазда жебір шегірткелерді көп жейді (осыдан оның тағы бір аталуы, жебір шегірткелік қараторгай) Майна көбіне торларда ұстайды, себебі жас құстар сөздерді және тұтас сөйлемдерді айтуды тез ұйренеді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Қараторғайлар