Ақсу — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан оңтүстікке қарай 30 километр жерде, Жайықтың сол саласы - Шыңғырлау өзенінің жағалауындағы қамыс, құрақ аралас бетеге, сұлыбас, т.б. өр түрлі астық тұқымдасты шөптесін өскен шалғынды-қоңыр, қызылқоңыр топырақты, құрғақ далалық белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 854 адам (442 ер адам және 412 әйел адам) болса, 2009 жылы 504 адамды (245 ер адам және 259 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 477 адамды (235 ер адам және 242 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі тың жерлерді игеру жылдары (1954) осы маңда «Ақсу» астық өсіру кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Ақсуда жене Жаңақоныс ауылында 10 шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, мөдениет үйі, кітапхана бар. Халыкқа дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетеді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Бөрлі ауданы елді мекендері