Аққұм – құмды алқап.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылының солтүстік-шығысында 3 км-дей жерде орналасқан. Ұзындығы 18 км, ені 8 км.
Тарихи дерек Осы жер 10-12 ғасырларда ежелгі қаланың орны болған деген жорамал бар. Халық аңыз-әңгімесі бойынша, ірі сауда орталығына айналған. Ол жергілікті тайпалар арасындағы соғыстар кезінде жойылып кеткен. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп (А.М. Панченко, Г.В. Кушаев), алтын бұйымдар, әскери құралдар, тұрмыстық құрал-жабдықтар, т.б. нәрселер табылған. Қаратөбедегі өлкетану музейінде Аққұмнан табылған экспонаттар қойылған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы құмдары