Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Махаббат сөзінің кең мағынасы Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.
Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махабаттың төменгі сатысы, рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.
Махаббатың христиан дініндегі алатын орны Христиан діні махабатты Христос Құдайдың негізгі сипаты деп санады. Соның нәтижесінде Құдайдың өзі М. мағынасында ұғынылды. Ортағасырлық христиан этикасында, сезімдік және рухани М. бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Табиғаттан тыс тұрған күш — христиандық М. (“адамды сүю”) ілімі жасалды. Бұл ерекше М. (“агапэ”) “жақыныңды сүй”, “жауыңды сүй” сияқты қағидалар негізінде таралды.
Ағартушылардың махаббат жайлы көзқарастары
Ағартушылар М. адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептеді. Мәселен, Шефтсбери М-ты ынтымақ сезімі және қоғамдық тәртіптер мен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, М. — адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы М. мәселесін әлеум. өмірмен байланыста қарастырды. Марксизм ілімі М-ты өзінің әр алуан формаларында жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам өмірінің мәнді жақтарын тікелей әрі тереңнен қамтып, рухани берілгендік пен қаһармандықтың қайнар бұлағы болып табылатын әлеум.-таптық және жалпы адамзаттық ынтымақты бейнелейді деп көрсетті.
Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде М. жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстет.-көркемдік, этик.-ғибраттық зор маңызға ие болды.
Орта ғасырдағы өзекті мәселе Орта ғасырларда М. ұғымы көркем шығарманың ғана нысаны емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мәселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында, діни әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып М. болды, көптеген онтол., аксиол., гносеол. мәселелердің шешуін табар түйіні осы М. категориясы еді.
Философияның бір категориясы ретінде
Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.
Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.
«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.
«Рhilia» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.
«storge» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.
«Аgape» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді.
Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де Махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша Махаббат — ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен Махаббаттың сипаты да түрліше.
Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:
Махаббат ол құмарлық; Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім; Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты; Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды..
Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар: махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты; махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты; махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.
Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар: ата-ана мен бала арасындағы махаббат, аналық махаббат, әкелік махаббат, ағалық махаббат, өз өзіне деген махаббат, құдайға деген махаббат және жануарларға деген махаббат және т.с.с.
Құдайға деген махаббат Фрейдтің ілімінше, діни махаббат бұл жыныстық құмарлықты рухани қызметке бағыттау. Ол құдайға сенетін адамдарды діни қиялдар әлеміне беріледі дейді, өйткені ол адам ләззат алады. Сондықтан Фрейд кейде дінді жыныстық құмарлықтың сублимацияланған жемісі дейді, кейде алғашқы табиғи құмарлықтарды басып тастаудың салдарынан пайда болған ұжымдық иллюзия дейді.
Суфизмдегі құдайға деген махаббат. Суфизм ілімінде құдайға деген махаббат ең негізгі тақырып болатын. Құдайға деген махаббат идеялары Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен іс әрекеттері туралы аңыздарда белгіленген сунналарда да, құрандарда да айқын көрініс таппаса да, суфизмде бұл идея кең мағынада қарастырылды. Өйткені онда құдіретті күштің алдындағы табынып, бас ию мен оған мойынсұну мотиві өте басым болды. Христиандық пен иудаизмдегі сияқты исламда да құдайда жыныстық айырмашылық жоқ, мұнда құдай көбінесе еркектік сипатта болады. Араб тілінде де осылай, бірақ мұнда орыс тіліндегі сияқты құдайды анықтау үшін құдайдың өзіндік ерекшелігі мен мәні деген сөздер қолданылады. Араб тілінде ол формасы жағынан еркектік сипатта, ал грамматикасы жағынан әйелдік сипатта. Құдайдың ең басты мәні – ол әйелдік сипатта болуында. Суфизм ілімінде махаббат тақырыбы жан жақты қамтылған, Жартылай ортодоксальды құдай ілімінде Мұхаммед пайғамбардың сөздері бар, онда ол Құдай туралы былай деген: “Мен құпия болатынмын, және мен өзімді танығанын қаладым, сондықтан адамдар мені танысын деп әлемді, дүниені тудырдым” — деді. Жалпы, құдайды танушылар Құдайды танудың элементтеріне назар аударады. Бірақ, суфизм ілімінше, махаббат дегеніміз әлем мен дүниені қозғалысқа келтіріп, реттеп тұратын күш дейді. Құдай да бүкіл әлем мен дүниені махаббатты сияқты жаратты, дүние мен әлемдегінің барлығы мен кез келген махаббат, яғни әйел мен еркектің махаббаты, ата ананың балаға деген махаббаты – бұлардың барлығы өмірге мән мен мағына беріп тұратын осындай махаббаттың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өмірде махаббаттың алатын орны ерекше. Ал, енді осыдан тағы бір басқа мотивке әсемдік, яғни сұлулық жатады. Сондықтан, әсемдік пен сұлулықты жақсы көріп сүйіп, оған деген махаббатымыз оянады. Мұхаммед пайғамбардың — суфийлер соңына дейін дәледеп берген мынадай сөздері бар: “Құдай шын мәнінде көркем, сұлу және ол сұлулықты жақсы көреді”. Құдай дегеніміз бұл сұлулық. Сондықтан суфизмнің лирикасының барлығы Құдаға деген қатынасты махаббат арқылы жеткізуге негізделген, және мұндай махаббат кейде тіпті сезімдік образдарда көрініс беретіндігі соншалықты, мұнда мәселе физикалық эротика ма әлде рухани эротология жөнінде болып отырғандығын айыру өте қиын.
Суфийлік мистиканың тудырған махаббат жөніндегі өлеңдеріндегі обьектіге келсек, мұнда белгісіз бір сұлу бозбала жөнінде айтылып тұрғандай. Мынадай аңыз бар көрінеді: «Мұхаммед пайғамбар Құдайды сақалсыз, өте жас әрі сұлу бозбала образында өзінің әуеге саяхатында» — көріпті дейді. Құдай өзінің алуан түрлілігімен бізден жасырынады, егер де ол өзінің сұлулығын құпия ұстамаса, онда әлем жанып кетуші еді. Ол өзіне тән сұлулығын көрсетпейді, сондықтан бұл Құдайды барлық жерден іздестіруге деген мистиктердің құштарлығын оятады. Құдайдың ең жетілеген айнасы, яғни оның өзіне ең қолайлы келетіні ол — адам. Адам Атаның өзі Құдайдың айнасы, ол Хауа Анадан құдіреттің сұлулығының бейнесін көрген. Адам бұл дүниеден Құдайды көре алмайды, оның кейпін көру мүмкіндігі жоқ. Егер де Құдай өзінің кейпін ашса, онда оны көргендердің назары оның жарығынан өртеніп кетер еді. Бірақ оны тек пайғамбар ғана көріп қойған жоқ, сонымен бірге мистиктер де өңдерінде көрген Құдайдың көріністері жөнінде, көрген түстері жөнінде жиі жиі айтып жүреді. Мысалы, Хәкім Тирмізінің мәлімдеуінше ол түсінде Құдайды 1001 рет көріпті. Құдайдың образы мен кейпі жөнінде ешкім дәл айтып жатпаса да, Құдай адамзатқа кез келген формада көрінеді екен. Мұндай ілімдер мистиктер үшін өте пайдалы болатын, өйткені олар Құдайды сұлу әрі жас ер адам ретінде қабылдады. Жалпы Құдай жасампаздық әрекетіне қатыспайды, бірақ онда ол айнадағыдай болады.
Махаббаттағы келесі саты – бұл ғашық адамның атрибуттарының жоғалып кетуі, ал оның орнына ғашығының атрибуттарының пайда болуы. Махаббат дегеніміз өзінің атрибуттарымен бірге ғашық адамның өз өзін ұмытып, ал өзінің сүйікті адамының толығымен патшалық құруын білдіреді.
Суфийдің құдайға деген махаббаты алуан түрлі махаббат қатынастарында көрініс табады. Мысалы, екі классикалық жұптарды алсақ, бірі бұл – Ләйлә және Мәжнүн – бұлар суфизмнің өте маңызды сюжеттерінің бірі болып табылады. Ләйләға деген махаббаттан басы айналған Мәжнүннің махаббаты мынадай жағдаймен бітеді: Мәжнүн өзінің махаббатының обьектісін көруді қаламайды, өйткені Ләйлә оның жүрегінде, Мәжнүнге осының өзі жетіп жатыр. Және бұл махаббат Құдайға деген махаббаттың ең жоғарғы түрі ретінде сипатталады. Мұндай махаббатта сезімділік пен қоса асқақтық та кездеседі, бірақ бұл махаббат сезімдік махаббат ретінде жүзеге асырылмаған махаббат болып есептеледі.
Дүниедегі әрбір сұлулық пен әсемдік Құдайдың сұлулығы мен әсемдігін білдіретіндей.