thumb|200px|Антон Семенович Макаренко

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) - кеңестік педагог. Педогогика тәжірибедегі бұрын болмаған қараусыз қалған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды. Авторитарлық пен анархизмге бағытталған тәрбие теориясын сынаған. Өз жұмысында тұлға мен қоғамның диалектикалық бірлігі және адамның шығармашылық күшіне деген сенім қағидасын басшылыққа алды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Ұжымдық тәрбие теоретиктерінің бірі, ол: ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; тұлғаны сыйлау мен оған талап қою; параллельді әрекет ету қағидаларын жасаушы. Отбасылық тәрбие теориясын дамытқан. Адамгершілікке тәрбиелеу үшін бала бойында жауапкершілікті, жігерді, намысты, мінезді және тәртіпті тәрбиелеу керек деп түсінген. Жыныстық тәрбие мәселесін азаматты тәрбиелеудің жалпы жүйесінен бөлмеуді ұсынған.

Негізгі еңбектері «Педагогикалық поэма»; «Төбедегі жалаулар»; «Ата-аналарға арналған кітап»; «Тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі» т.б.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

Дереккөздер

Санат:1888 жылы туғандар Санат:1939 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО педагогтары Санат:КСРО жазушылары