Адамды ұрлау () - қылмыстық заңга сәйкес — жеке адамға қарсы қылмыс. Адамды ұрлау — төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл сол әрекет: алдын ала сөз байласып адамдар тобымен; бірнеше рет; өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып; қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты; кінәліге жүктілік жағдайында екендігі керінеу әйелге қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты; пайдакүнемдік ниетте жасалса - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды: ұйымдасқан топ жасаса; ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса; абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, — мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады..Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Қылмыстық құқық