Қаржылық сақтық қорлар - мемлекеттік және муниципалдық басқару органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер кездейсоқ, ойда жоқта пайда болған оқиғалардың зардаптарын жою қажеттігінен туындаған болжанбаған шығынға және айрықша қажеттіліктерден туындаған жағдайға арнап оқшаулайтын қаржы ресурстарының ерекше нысаны яғни банкілердің, экономика салаларының, кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың болжанбаған шығындар мен арнаулы қажеттерді қамтамасыз ету үшін сақтық қорға қоятын ресурстары. He бекітілген қаржы жоспарында мүлде көзделмеген, не аз көлемде көзделген, жоспарланған кірістің кем түсуі себепті қаржы көздерімен қамтамасыз етілмеген ағымдағы және күрделі шығынды қаржыландыруға арналған.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы