Әулиеағаш — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Үлкенағаш ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей қашықтықта, Бурақожыр өзені жағалауында, сары топырақты құмдауыт жерде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен27632959 2602 87,9 1512 1330 88 1447 1272 87,9
Тарихы 1997 жылы ауылда бірнеше өндірістік кооператив және шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы елді мекендері