Түтіндеткіш құралдар () — түтін түтететін оқ-дәрілер, машиналар, аппаратуралар мен аспаптар. Түтін түзу тәсілі бойынша Түтіндеткіш құралдар жарылғыш әрекетті (түтіндеткіш авиациялық бомба, түтіндеткіш снаряд (белгі беретін) сигналды түтіндеткіш ракета), түтіндейтін сұйық заттарды тозандатуға негізделген (түтіндеткіш машина, түтіндеткіш аппаратура, түтіндететін авиа аспап), термиялық (түтіндеткіш машина, тасымалы генератор, түтіндеткіш аппаратура), түтіндететін (түтіндеткіш құты, түтіндеткіш гранат) болып бөлінеді. Түтіндеткіш құралдармен құрлықтағы әскерлер, Әскери-әуе күштері және әскери-теңіз флоты қаруланады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс