Шолғын ( ) — қарсылас, жергілікті жер, радиациялық және химиялық, жағдайлар туралы мәлімет табу, қорғаныстағы әскерлерге тұтқиылдан шабуыл жасатпау мақсатында бөлімшелер мен бөлімдерден жіберілетін барлау органы немесе жорық қызметі. Шолғын құрамы жергілікті жер жағдайына және орындалатын тапсырмаларға байланысты; машинада әрекет жасау кезінде — бір шолғын машинасынан (танк, ЖҮМ, БТР) взводқа дейін, жаяу ретінде — 2-3 сарбаздан взводқа дейін.

Шолғын бөлімше Бөлімшелерден жіберілген, негізгі күштен бөлек әскери тапсырмаларды орындайтын немесе барлау жүргізетін әскери барлау органы, взводтан жіберілген жаяу застава немесе негізгі шолғын құрамындағы әскери күзет органы. Көлікпен немесе жаяу, қыста шаңғымен шолу жасалады. Көру байланысы от жағу арқылы жүзеге асады.

Шолғын машинасы Қарсыласты тауып анықтау мақсатында жергілікті жерді және жергілікті заттарды байқап қарау үшін барлау жүргізетін, сонымен бірге баска да міндетгерді орындайтын бөлімшелерден жіберілетін машина.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс

de:Streifendienst en:Patrol fr:Patrouille id:Patroli it:Pattuglia pl:Zastęp ru:Патруль sv:Patrull uk:Патруль