Жалпы семантика— американдық философия мен социологиядағы тілдің ойға, сол арқылы адамның мінез-құлқына тигізетін әсерін зерттейтін бағыт. Оның негізін 20 ғ. 30 жж. А. Кожибский салған. Жалпы семантика философия, психология, социология, лингвистика идеяларын формалды түрде біріктіріп, тіл мен коғам тарихын, тіл мен ойдың қарым-қатынасын идеалистік тұрғыда түсіндіреді, соматикалық, психологиялық ауытқулардың, әлеуметтік ауыртпалықтардың себебі тіл құрылымында жатыр деп қарайды. Казіргі тілдер қолданушыларға әр түрлі жолмен эсер етіп, көптеген қиындықтар туғызады, оны тек "жақсы" тіл жасау арқылы жоюға болады дейді. Жалпы семантиканың бұл идеясы Сепир — Уорф болжамына (к.) жақын.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика