Салық салу әдістері — салық тетігінің элементі; салық базасының өсуіне қарай салық мөлшерлемесінің өзгеруі сипатын көрсетеді. Тең, үйлесімді, үдемелі және кемімелі Салық салу әдістеріне бөлінеді. Тең әдісте әрбір төлемші үшін тең салық сомасы белгіленеді. Үйлесімді әдісте әрбір төлемші үшін тең салық мөлшерлемесі белгіленеді. Үдемелі салық салуда салық базасының өсуіне қарай салық мөлшерлемесі артады, кемімелі салық сaлуда салық мөлшерлемесі кемиді.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Дереккөздер
Санат:Экономика