Рысқұлов — Алматы облысы Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан шығысқа карай 7 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, Жұман тауының баурайында, әр түрлі астық тұқымдасты шалғынды шөп өскен қара топырақты тауаралық қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан. Ауылдың төңірегін Іле Алатауының жеміс ағаштары, шырша, емен, үйеңкі, қарағай, кайың, т.б. ағаштар көмкерген.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен23872979 3701 124,2 1479 1910 129,1 1500 1791 119,4
Тарихы Ауыл 1975-97 жылдары Тұрар Рысқұлов атындағы бау-бакша өciрумен айналысатын ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Рысқұловта ЖШС жене шаруа қожалықтары құрылды.
Инфақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Талғар ауданы елді мекендері