Гүлзипа Палымбетова (15.02.1942 жыл, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер селосы) - ақын.
1964 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлік жоғары оқу орынын тамамдаған. Шымкентте теміржол ауруханасында, емханаларда дәрігерлік қызмет еткен.
Ақын шығармашылықпен мектеп қабырғасында жүргенде айналысқан. Өлеңдері мен әндері бірнеше ұжымдық жинаққа енген. «Жан шуағы», «Сағыныш бесігі», «Сезім нұры», «Көңіл сазы» атты жыр жинақтарының авторы.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Гүлзипа Палымбетова (Әдеби портал) «Терме сазы» - саналың пен даналықтың қайнар көзі ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ... ТОҢДЫРДЫ МЕНІ... (http://abai.kz)
Санат:15 ақпанда туғандар Санат:1942 жылы туғандар Санат:Сарыкемерде туғандар Санат:Қазақстан ақындары