Ұрыстық барлау шолғыны () — маңдайшеп алдында және батальон немесе ротаның қапталдарында жергілікті жерді және қарсыласты барлау үшін жіберілетін барлау органы. Ұрыстық барлау шолғыны бронетранспортерлердегі мотоатқыштар взводына дейінгі құрамда немесе танк взводы құрамында болады. Ұрыстық барлау шолғыны қарсыласты тез тауып, оның кимыл сипатын, ядролық шабуыл немесе басқа да атыс құралдарының ілгерілеуін (орналасуын) анықтап, өзін жіберген командирге дереу мәлімдеуі қажет. Өз міндеттерін шолғын бақылау және ұрыс арқылы орындайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс