БолатБ опайұлы (1 қаңтар 1960 жыл Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы) - фольклоршы.

1986 жылы Іле педагогикалық университетінің қазақ тіл-әдебиеті факультетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факулътетінің қазақ әдебиеті мен теориясы кафедрасында аспирантуранві бітірген. Үрімші қаласында ұстаздық етті. «Шыңжаң жастар-өрендер баспасында» редакторлық қызмет атқарды. Шығармалары «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» атты еңбегі («Шыңжаң жастар-өрендер баспасы», 1993) Ахметжан Қайбарұлымен бірлесіп жазған «Қазақ ырымдары» атты кітабы (1998 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақ энциклопедиясынан» қазақ және орыс тілінде, «Шыңжаң халық баспасынан» араб жазуымен 1998) жарық көрді. «Сөз саралау өнері» атты ғылыми-зерттеу кітабы (1995) «Ақыт ақиқаты» атты монографиялық еңбегі (2000) «Қазақ кәделері» (2000) «Асыл қазына» (2002) «Қазақ кәделері» (2003) «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» (2003) «Қазақтың түс жоруы» (2004) атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1960 жылы туғандар Санат:Алтай аймағында (Қытай) туғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Қазақ фольклоршылары