Бисенғали Зейнол-Ғабден (21 қаңтар, 1950, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға ауылы) - қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999).

Өмірбаяны 1966 жылы - Сафон селосындағы орта мектепті бітіріп, осында аға вожатый болып педагогтік еңбек жолын бастаған. 1972 жылы - ҚазМУ-дің филология факультетін үздік дипломмен тамамдаған. 1978 жылы - ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасына қабылданған. 1981 — 1983 жылдар аралығында - «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетінде жүмыс істеген, лекциялар оқыған, практикалық сабақтар жүргізген. Студенттердің оқу практикаларымен Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фольклорлық-диалектикалық экспедицияларға қатысқан. 1984 — 1986 жылдары - «Мектеп» баспасының Жоғары оқу орындары қоғамдық-гуманитарлық редакциясының аға редакторы және филология факультетінде «Қазақ әдебиетінде проза жанрының қалыптасуы» атты арнаулы курс пен «Қазақ әдебиеті тарихынан» лекциялар оқыған. 1986 жылдан - қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істеген. 1999 жылдан - қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, 2001 жылдан - қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми жұмысы 1984 жылы - профессор Б.Кенжебаевтің басшылығымен «XX ғасыр басындағы қазақ прозасы» тақырыбына кандидаттық, 1997 жылы - «XX ғасыр басындағы қазақ романы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.

Шығармалары «Қазақ романы» «Казахская проза в начале XX века» сияқты монографиялардың авторы. «40-60-шы жылдардағы Қазақ әдебиеті» «Жазушы шеберлігі» «С. Мұқанов» «Ғ. Мүсірепов» «Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері» сияқты оқу құралдарын жарыққа шығарған.

Қоғамдық қызметі Ш. Айтматов атындағы Халықаралық академияның академигі (2003).Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:21 қаңтарда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Құрманғазы ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ әдебиетін зерттеушілер Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық академияның академиктері