Ызакөл — Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай ауылдық округіне қарасты ауыл.

Географиялық орталығы Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде, Сырдарияның оң жағалық аңғарында қамыс, құрақ аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен қуаң жазықта орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен337257 215 83,7 125 101 80,8 132 114 86,4

Тарихы Ауыл 1940—1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін "Шәуілдір" кеңшарының бөлімшесі болған. Бөлімше негізінде Ызакөлде агроқұрылымдар жұмыс істейді. Ауылдың батысында 1 км жерде Сырдария өзені ағып жатыр. Ызакөл арқылы Түркістан-Сарыағаш және Түркістан—Шардара автомобиль жолы өтеді.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы елді мекендері