Елеусіз Мұхамәди (1938-2003) - Моңғолиядағы Баянөлгей аймағында, Баяннүр деген жерде туған. Моңғолия мемлекеттік университетін бітіріп, журналист мамандығын алған. «Жаңа өмір» газетінде қызмет еткен. Моңғолия аймақтық еңбек сіңірген жазушысы. «Махаббат тағдыры», «Өрікті көл», «Қобда қойнында», «Сұлулық сыры», «МонғолТовч» (монғолтілінде), «Жоғалған қыз», т.б. кітаптары жарық көрген. Еңбек Құрмет медалімен, журналистер одағының Құрмет медалімен марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:ҚР журналистер одағының Құрмет медалінің иегері Санат:1938 жылы туғандар Санат:Моңғолия қазақтары