Медициналық эвакуация (Медицинская эвакуация) — жаралылар мен ауруларды ұрыс даласынан ұрыс қимылдары ауданынан немесе терең тылдан емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау (қолмен, көлікпен). Медициналық эвакуация жаралылардың (аурулардың) жараларының ауырлығына, медициналық көмекті қажетсіну дәрежесіне, денсаулығын қалпына келтірудің мөлшерлі мерзіміне байланысты ұйымдастырылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс