Медициналық қорғау (Медицинская защита) — ауруханалар мен емханалар және басқа да медициналық қызмет мекемелерінің күш-құралдарымен жүргізілетін шаралар. Медициналық қорғаудың негізгі міндеттері: жинау пункттерінде, жүру жолында, көшірудің аралық пункттерінде көшіру шараларын медициналық қамтамасыз ету, қала сыртындағы аймақта жайғасқан жерлердегі жұмысшыларға, қызметшілерге және халықка, қалалардағы көсіпорындар жұмысшыларына қызмет көрсету; санитариялық-гигиеналық шараларды атқару, АҚ жасақтары мен халықты медициналық жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету; медициналық барлау жүргізу және зардап шегушілерге дер кезінде көмек көрсету.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс