Қаспан — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Қаспан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде жерде, Быжы өзенінің жағалауында, Шаған тауының оңтүстік баурайында, жусан, ши аралас бетеге, боз, селеу басым өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау алдының жонды-белесті келген қуаң жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен829994 933 93,9 523 499 95,4 471 434 92,1

Тарихы 1934-1997 жылдары сүт өндіретін Ленин кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Қаспанда және округке қарасты Көксай, Сайлыкөл, Шаған ауылдарында өндірістік кооператив және 13 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы 1 орта мектеп, 1 орталау және 3 бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады. 2011 жылдың көктемінен 2011 жылдың қыркүйегіне дейін автомобиль жолы жөнделінді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері