Өмірзақ Қарғабаев (1866, қазіргі Жамбыл ауданы, — 1951, Жамбыл ауданы) — ақын, жыршы.
Әкесі Қарғабай да, шешесі Бақырқыз да өлеңші, өнерпаз болған. Қарғабаев жас кезінен ас-тойдың, жиын-тамашаның мақтаулы жыршысы болды. 1912 ж. қырғыз манабы Шәбденге берілген асқа Жамбылмен бірге барып, жаршы-жыршы ретінде көзге түсті.
1925 ж. Қазақстанның 5 жылдық тойына "Жаңа Түркістан" дастанын шығарды.
"Өмірзақ ақын мен болам" дастанында ел өміріндегі әлеум.-саяси жағдайды салыстыра жырлаған.
Жамбылға арнап "Тарланым 401 келді бөйгеден" атты ұзақ толғау шығарды.
Қарғабаевтан мол әдеби мұра қалды. Ә.Диваев оның аузынан өзінің жеке шығармаларын және халық аузындағы айтыс, дастан-жырларды жазып алды. Оның бірсыпыра өлеңдері 1940 ж. Москвада "Песни степей" ("Дала жырлары") жинағында басылды. Қарғабаевтың шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:1866 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:1951 жылы қайтыс болғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан жыршылары