Ұшу эшелоны (Летный эшелон) — әуе бойынша жаңа аэродромдарға орналастырылатын авиациялық бөлім мен құрамалардың күштері мен құралдары. Ұшу эшелоны жаңа аэродромға алдын ала жауынгерлік міндетті орындап болғаннан кейін қонуы, сондай-ақ жауынгерлік міндетті орындамай-ақ қонуы мүмкін. Соңғы жағдайда ұшу эшелонынын құрамында жер үсті эшелоны келгенге дейін жаңа аэродромда басқаруды ұйымдастыруға және жауынгерлік ұшуларды қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде штаб офицерлері мен техникалық құрам болуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс