Қаратоған — Алматы облысы Райымбек ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Нарынқол ауылынан батысқа қарай 12 км-дей, округ орталығы - Жамбыл ауылынан батысқа қарай 3 км-дей жерде, Байынқол өзенінің сол жағалауында, әр түрлі көк майса шалғын өскен қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен10991252 888 70,9 644 456 70,8 608 432 71,1

Тарихы Ауыл 1953-1997 жылдары қой өсіретін 19-партсъезд атындағы ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде Қаратоғанда 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, мешіт, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы аркылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы елді мекендері