Футболдан тұңғыш әлем чемпионаты — 1930 жылы шілденің 13-і мен 30-ы аралығында Уругвай елінде өтті. Уругвай тұңғыш әлем чемпионатын өткізуші ел ғана емес, тұңғыш чемпионы да атанды. Финалдық ойында алаң иелері Аргентина құрамасын 4:2 есебін жеңді.
Әлем чемпионатына дайындық Уругвай XXI 20-сыншы жылдарындағы ең үлкен футбол державаларының бірі болғандықтан әлем чемпионатын өткізу құқығы бұйырды. Уругвайлықтар 1924 және 1928-нші жылдардағы футболдан Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған. Уругвай өтуідің тағы бір артықшылығ 1930 жылы Уругуайдың тәуілсіздік алғанынада 100 жыл толуында.
Әлем чемпионатының барлық ойындары ел астанасы Монтевидео қаласында өтті. Чемпионат басталмас бұрын уругуайлықтар жаңадан Сентенарио атты стадион салды. Осы стадионда жәнеде финалдық кездесу өткізілді. Нөсер жауынның салдарынан стадионды салып бітіру қиынға соғып, чемпионат басталуға 5 күн қалғанда бітірді.
Чемпионатының ең басты проблемасы Еуропа елдерінің көпшілігі өз құрамаларын жібергісі келмеуде болды. Себебі Атлант мұхиты арқылы мұхит асып кету қиынға соқты. Қабылдаушы ел барлық қаржы мәселесін өз мойнына алғанымен қатысуға ниет білдіргендер саны көбейе қойған жоқ. Ақырында, әлем чемпионатына Еуропадан тек 4 құрама қатысты, оның өзіде құрлықтың мықты құрамаларының ішіне кірмейді.
Финалдық турнирдің қатысушылары 1930 жылғы әлем чемпионаты - іріктеу турнирі өткізілмеген жалғыз чемпионат. Құрамалар шақырту арқылы қатысты. Барлығы 13 құрама. Оның ішінде 4-еуі Еуропадан, Оңтүстік Америкадан - 7, Солтүстік Америкадан - 2 құрама қатысты. Уругуайға келген Еуропа елдерінің құрамалары мықты емес еді, сондықтан көбі чемпиондық атақ Оңтүстік Америкаға бұйыратынын білді.
Стадиондар 250px|right|thumb|Сентенарио стадионы Сентенарио, Монтевидео — 100 000 орын (топтық турнир, жартылай финалдар, финал) Гран Парке Сентраль, Монтевидео (топтық турнир) Поситос, Монтевидео (топтық турнир)
Командалар құрамы
Финалдық турнир финалдық турнирге қатысушы командалар 4 топқа бөлінді (А тобында 4 құрама, B, C және D топтарында 3 құрамадан). Топ жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алды, жартылай финал жеңімпаздары финалдық кездесуде чемпионды белгіледі. 3-ші орын үшін матч өткізілген жоқ (әлем чемпионатының тарихында 1 рет).
Турнир шілденің 13-і күні қатар өткен екі кездесумен басталды: А тобында Франция - Мексика және D тобында АҚШ -Белгия.
Топтар А тобы
А тобында жартылай финалға шыққан Аргентина құрамасы топ фавориті болып саналған болатын. Топтық кезеңде тек француздардың қақпашысы Алекса Тепо жарқын ойынының арқасында Франция құрамасын жеңу қиындау болды. Франция - Мексика кездесуінде әлем чемпионатының алғашқы голы соғылды: Оны ойынның 19-шы минутында француздардың шабуылшысы Люсьен Лоран соқты.
Команда Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп саны ± Ұпай 330010-4+69 Чили32015-3+26 Франция31024-3+13 Мексика30034-13−90
Бүкіл уақыт жергілікті
Ескерту: Гильермо Сааведра (Чили) пенальти соға алмады (30', қақпашы).
Ескерту: Адольфо Сумельсу (Аргентина) 2 пенальти соға алмады (30', 30' - екеуіндеде қақпашы).
B тобы
B тобында осы турнирдегі жалғыз сенсация болды. Бұл топтың фавориті болып Бразилия құрамасы саналған болатын. Алайда, олар бірінші ойында-ақ күтпеген жерден Югославия құрамасынан 2:1 есебін жеңіліп қалды. Осыдан кейін югославиялықтар Боливия құрамасын оңай жеңіп күтпеген жерден Еуорпа құрамаларының арасынан жалғыз өзі жартылай финалға шықты. Ал бразилиялықта бірінші айналымда-ақ үйге ерте қайтуға тура келді.
Команда Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп саны ± Ұпай Югославия22006-1+54 Бразилия21015-2+32 Боливия20020-8-80
С тобы Алаң иелері бұл топта ешбір қиындықсыз топ жеңімпазы атанды. Барлығы 5 доғып, бірде-бір гол жіберген жоқ.
Команда Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп саны ± Ұпай Уругвай22005-0+54 Румыния21013-5-22 Перу20021-4-30
D тобы Бұл топта парагвайлықтар мен бельгиялықтарды ірі есеппен жеңген АҚШ құрамасы топ жеңімпазы атанды.
Команда Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп саны ± Ұпай АҚШ22006-0+64 Парагвай21011-3-22 Бельгия20020-4-40
Жартылай финал Жартылай финалда оңтүстікамерикалық командалар басқа құрлықтағы қарсыластарын тас-талқан қылып ұтты. Югославиялықтар Уруруай құрамасымен болған ойында ең бірінші болып есеп ашып, тағы сенсация болады деген ойда болған, алайда, уругуайлықтар артынан қарсыластар қақпасына жауапсыз 6 доп соқты. Аргентиналықтар 1 сағаттай уақыт бойы доп 1 доп соқсада, басқа мүмкіндіктерді мүлт жіберумен болды, алайда, қалған жарты сағатта қарсыластар қақпасына 5 доп соғып, өз қақпасына 1 доп жіберді.
Финал right|thumb|200px|Финалда ойнаған доптар: сол жақта - аргентиналық доп, оң жақта - уругуайлық доп Финалдық кездесу маусымның 30-ы күні Сентенарио стадионында өтті. Ойын кешігіңкіреп басталды, себебі, командалар аргентиналық пен урувайлық доптың қайсысымен ойнарын келісе алмады. Ақырында ойын төрешісі Джон Лангенус 1-ші таймда аргентиналық доппен, 2-ші таймда уругвайлық доппен ойнайтын қылып шешті. Есепті уругвайлықтар ашты, алайда, бірінші таймда олар 2:1 есебін жеңіліп жатты. Екінші таймның басында Педро Сеа мен Сантос Ириарте соққан доптар ойынды құтқарып қалды; ойынның соңғы минуттарында Эктор Кастро ойынды қорытындылады. 90 мың көркрмен тұңғыш әлем кубогы Уругуайға табысталғанын өз көзімен көрді. Осы күндері сол финалда қатысқан ойншылардың біреуіде тірі емес. Ең соңғысы болып, 2010 жылы 21-ші тамызда 100 жасқа келген кезде Аргентина шабуылшысы - Франсиско Варальо болды.
Үздік сұрмергендер
8 гол Гильермо Стабиле
5 гол Педро Сеа
4 гол Берт Пэтноуд Гильермо Субиабре
3 гол Карлос Пеуселье Прегиньо Хуан Перегрино Ансельмо Иван Бек
2 гол Луис Монти Адольфо Сумельсу Виссентайнер Модерато Мануэль Росас (1 пен.) Барт Макги Эктор Кастро Пабло Дорадо Сантос Ириарте Андре Машино1 гол Франсиско Варальо Алехандро Скопелли Марио Эваристо Роберто Гайон Хуан Карреньо Луис Варгас Пенья Луис Соуса Феррейра Штефан Барбу Адальберт Дешу Константин Станчу Джим Браун Эктор Скароне Марсель Ланжийе Люсьен Лоран Карлос Видаль Джёрдже Вуядинович Благое Марьянович Бранислав Секулич Александр Тирнанич
Автогол Мануэль Росас (Чилимен болған ойында)
Қызық айғақтар Испания, Венгрия, Нидерланд, Швеция және Италия чемпионатты өткізуге өтініш білдірген, алайда, артынан бәрі бас тартты. Франция мен Мексика арасындағы ашылу ойынында соғылған 5 доп 2006 жылғы әлем чемпионатына дейін рекорд болып саналып келген болатын, алайда 2006 жылы 6 доп соғылды.
Сілтемелер FIFA — Уругвай 1930 RSSSF сайтындағы статистика ӘЧ-1930
Санат:Футболдан 1930 жылғы әлем біріншілігі Санат:1930 жылғы футбол