Қаракөз — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Қаракөз ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Жансүгіров ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде, Басқан өзенінің аңғарындағы жусан, ши, құрақ аралас боз, бетеге, т.б. шөптесін өскен бозғылт қоңыр, шалғынды қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен821599 574 95,8 295 291 98,6 304 283 93,1

Тарихы Ауыл 1969-97 жылдары қызылша өсіретін "Қаракөз" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Қаракөзде және округке қарасты Кеңқарын ауылында 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, кітапхана, клуб, фельдшер-акушерлік және фельдшер пункті бар.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат: Ақсу ауданы елді мекендері