Құсайынбек Ахметұлы Әміров (1903-1989)18 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында туған. 15 жасын да жүкші, ат айдаушы, темекі плантациясында жұмыскер, большевиктердің «Заря Свободы» газетін таратушы болып істеген. 4-ші Түрікмен атты әскер полкінің саяси қызметкері, 16-шы Қазақ атты әскер полкінің саяси қызметкері және комиссары, азамат соғысының Ферғана майданында Өзген аудандық революциялық комитетінің төрағасы және Өзген гарнизонының әскери комиссары болған. 1922 жылы комсомол жұмысына ауысқан: бөлім меңгерушісі, Жетісу губерниялық комсомол комитетінің, Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы, көп уақыт Алматы, Жаркент, Қарағанды қалаларында, Қостанай және Қызылорда облыстарында басшы партия қызметтерін атқарады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастыру бюросының төрағасы болған. 1971 жылы оған Қарағанды қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Шығармалары В бурные годы. Очерки. А., Казгосиздат, 1958; Хороша ты, жизнь. Очерки. А., «Қазақстан», 1965; Өмір шақырады. Очерктер. А., «Қазақстан», 1967; Крылья крепнут в полете. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Утро Караганды. Очерки. А., «Қазақстан», 1972; Қызыл гүл дер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Көңіл нүры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; ''Жақсылық кезек күтпейді. А., «Жалын», 1983.
Дереккөздер
Санат:18 қаңтарда туғандар Санат:1903 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:1989 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан революционерлері Санат:Өзген ауданының басшылары Санат:Қарағандының құрметті азаматтары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары