Айдарлы — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Айдарлы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Жаркент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Іле өзенінің оң жағалауынан 8 км-дей қашықтықта, өзеннің алювийлі-делювийлі жазығындағы қуаң агроклиматтық белдемде жатыр.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18271476 1436 97,3 721 703 97,5 755 733 97,1

Тарихы 1943-1997 жылдары қой өсірумен шұғылданатын Гвардия кеңшарының орталығы болды. Оның негізіңде Айдарлыда 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, мәдениет үйі, тағы басқа мәдени мекемелер бар. Ауыл тұрғындары баска елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы елді мекендері