right|thumb Рабик Исмаилов (2 қыркүйек 1934 жыл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) - жазушы, әдебиеттанушы, филиология ғылымдарының кандидаты.

Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетін бітірген. 1960—1963 жылдары «Мектеп» баласына қызметке ауысып, корректордан бас редакторға дейін көтеріледі. 1973 жылы «Ұйғыр драматургиясының дамуы мен қалыптасу» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. 1992—1997 жылдары республикалық ұйғыр мәдениет қоғамын басқарды. Бүгінгі таңда ұйғыр мектептерінің мәселері жөніндегі үйлестіру орталығының төрағасы.

Шығармалары «Ұйғыр әдебиетін үйренудің кейбір мәселелері» (1966) «Іздену жолында» (1976) «Заман және қаһарман» (1987) «Уйгурская драматургия от «Анархана» до...» атты монографиялар 2 жинақтың ұйғыр әдебиеті, мәдениеті және қазіргі дәуірдің өзекті проблемаларын сөз еткен 200-ден астам мақалалар, очерктер 9 және 11 сыныпқа арналған «Ұйғыр әдебиетінің» авторы. Тарих, география, педагогика, философия, экономика саласындағы оқулықтарды ұйғыр тіліне аударды.

Марапаттары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Құрмет Грамотасымен марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:2 қыркүйекте туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Қазақстан әдебиеттанушылары Санат:Қазақстан филологтары