Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне (ҰҚК) қатысушы мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесі әскери басқармасының коалициялық органдары () — әскерлердің (күштердің) коалициялық (аймақтық) топтастықтары құрамында қатысушы мемлекеттерден бөлінген әскерлерді, күштер мен құралдарды тікелей басқару үшін ұжымдық қауіпсіздік аймағы мемлекеттері құрған әскери басқару органдары. Олардың құрылысын, құрамын, өкілеттіктерін әскери-саяси және геостратегиялық жағдайларға, әскери қауіп-катер сипаттарына, ықтимал әскери (ұрыс) қимылдардын ауқымы мен қарқынына, әскерлердің (күштердің) коалициялық (аймақтық) топтастықтарының құрамына байланысты Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі анықтайды. Олар әдетте, әскери (ұрыс) қимылдар басталганға дейін, алдын ала әскери баскарудың ұлттық органдары непзінде құрылады. Өз қызметтерін қатысушы мемлекеттердің нормативтік-күкыктық күжаттарында тиісінше бекітілген өкілеттіктер негізінде жүзеге асырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс