right|thumb| alt=A.|200 px|"Қысқатолқынды пеш"
Қысқатолқынды пеш - тұрмыста тамақты тез дайындауға, қыздыруға және мұздаған тағамды жібітуге пайдаланады. Оның басқа аппараттардан айырмашылығы мұндағы жылу көзіне магнетрон тудыратын аса жоғары жиіліктегі электромагниттік толқындардың энергиясы пайдаланылады. Қысқа - толқынды пештің қыздыру принципі тамақтың дәмділігін жоғалтпай, витаминдерді сақтауға, күйдірмеуге, тым қыздырып жібермеуге негізделген. Пеште тамақ дайындауға уақыт газ плитасына қарағанда 4—8 есе аз кетеді. Пайдалану кезінде пештің жан-жағы қызып кетпейді, тамақ күймейді, ас үйдің ауасы әрдайым таза болып тұрады. Бұл пештерде тамақ дайындау үшін шыны, фарфор, фаянс, пластмасса, т.б. пайдалануға болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Дереккөздер