Танкіге қарсы басқарылатын реактивтік снарядты ұшыру қондырғысы — танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядты ұшырып жіберуге арналған қондырғы.

ТҚБРС құрылымы қарапайым ұшыру қондырғысынан, сауытты жәшіктерден және тікелей жерден ұшырылуы мүмкін. ТҚБРС-тің ұшыру қондырғылары жерге, автомобильге, танкіге, бронетранспортерларға, ұшақтар мен тікұшақтарға орнатылуы мүмкін.

Олардан снарядты шығарғанды ол жолдың біраз бөлігінде бағыттаушы көрсеткен бағыт бойынша кәтерілу бұрышын жасап ұшады. Сауытты жәшіктерден ұшырғнда, ол жәшіктер жерге белгілі бір көтерілу бұрышын жасай қондырылады. Жерден жіберу кезінде ТҚБРС-тың бас жағы арнайы балдақтармен тіреледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс