Жол әскерлеріҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл — жолды қамтамасыз етуге арналған тыл құрамындағы арнайы әскерлер. Қоменданттық жол, жол салу және көпір құрылыстары бөлімінен, бөлімшелерінен тұрады. Жол әскерлері орыс армиясында 18 ғ-дың басында, ал Кеңес Одағы Қарулы күштерінде азамат соғысы кезінде пайда болды. Жол әскерлері Ұлы Отан соғысы кезінде 100 мың шақырымға жуық автомобиль жолдарын, 1 миллион метрден астам көпірлерді қалпына келтіріп, қайта жөндеді және салды, сонымен қатар жол құрылысы үшін 20 млн. м3 астам тас, құм дайындап жеткізді. Жол әскерлерінің қол астындағы әскери-автомобильдік жолдың жалпы ұзындығы 259 мың км-ді құрады. Басшылық тапсырмаларын үздік орындағаны үшін жол әскерлерінің 59 бөлімі ордендермен марапатталды, оның ішінде 27 құрмет атауын алды, 21 мыңнан астам жауынгерлер ордендер мен медальдарға ие болды.

Дереккөздер

Санат:Әскери іс