Сәулелену ауруы — ионданған сәулелердің зиянды биологиялық әсерінен туатын аурулар.

Адам сәулелену ауруымен тұтас денесінің немесе оның көпшілік белігінің сәулеленуі нәтижесінде ауырады, сондай-ақ ішкі ағзаға радиоактивтік заттардың сумен, тамақпен және ауа жұту арқылы кетуімен де ауырады. Сәулелену аурулары бір рет үлкен дозамен сәулеленуден болатын қатты сәулелену ауруларына және ұзақ уақытқа созылған, үнемі аз дозамен сәулеленуден дамитын сәулелену ауруына бөлінеді.

Аурудың клиникалық көрсеткіштеріне байланысты қатты сәулелену аурулары бірінші (жеңіл) дәрежелі 1-2 Дж/кг (100-200 рад) дозамен сәулеленуден болатын, екінші (орташа ауыртпалықты) дәрежелі — 2-4 Дж/кг (200-400 рад) дозамен сәулелену, үшінші (ауыр) — 4-6 Дж/кг (400-600 рад) және төртінші (өте ауыр) дәрежелі — 6 Дж/кг аса (600'' рад) дозамен сәулелену болады.

Бірінші дәрежелі қатты сәулелену ауруында сәулеленудің алғашқы реакциясы мүлде көрінбейді немесе әлсіз байқалады.

Ал 2-ші және 3-ші дәрежелі сәулеленуде екі тәулік бойы адам жүрегі айнып, құсады, жалпы әлсіздік, бас ауруы пайда болады. 3-4 тәуліктен кейін ауру белгілері байқалмай кетеді де, 15-20 тәуліктен кейін жағдайы қайта нашарлап, әлсіздік басады, дене қызуы көтеріледі, қандағы лейкоциттер саны қүрт төмен түседі.

Өте ауыр дәрежелі (4-ші) сәулеленуде аурудың жасырын кезеңі болмайды. Бірден аурудың белгілері біліне бастайды, асқазан мен ішек кызметі және қан айналым бұзылады. Аурудың екінші аптасында науқастың қайтыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы стационарда емделген жағдайда ғана жазылуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек — қосымша сырттай сәулеленуден бой тасалау, құсуға қарсы, тыныштандыратын, жүрек пен буын препараттарын қолдану болып табылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жылҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Дереккөздер

Санат:Әскери іс

ar:متلازمة الإشعاع الحادة be-x-old:Прамянёвая хвароба bg:Остра лъчева болест ca:Enverinament per radiació cs:Akutní radiační syndrom da:Strålesyge de:Strahlenkrankheit en:Acute radiation syndrome es:Envenenamiento por radiación fa:مسمومیت پرتوی fi:Säteilysairaus fr:Syndrome d'irradiation aiguë hu:Sugárbetegség it:Malattia acuta da radiazione ja:被曝 ko:급성방사선증후군 lt:Spindulinė liga nl:Stralingsziekte no:Strålingssyke pl:Choroba popromienna pt:Envenenamento radioativo ru:Лучевая болезнь simple:Radiation poisoning sk:Choroba z ožiarenia sr:Тровање радијацијом sv:Strålsjuka uk:Променева хвороба