Кеменің зениттік қару-жарағы (Зенитное вооружение корабля) — кемеге орналастырылатын, ату жылдамдығы жоғары және әуе нысаналарын атуды жүргізе алатын ракеталық артиллериялық қару. Әуе қарсыласының шабуылын тойтару міндеттерін шешу үшін қазіргі заманғы кемелердің 73-130 мм және одан да жоғары калибрлі зениттік артиллериясы, зенитті басқарылатын ракеталарды ұшыру қондырғысы болады. Кіші кемелерде автоматты зениттік артиллерия әуе қарсыласынан өзіндік қорғанудың негізгі құралы болып табылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс