Флип — шайқалған, бұлғанған сөзінен. Дайындау кезінде шикі жұмыртқаны қантпен немесе ликермен араластырып көбікті массаға айналғанша бұлғайды. Массаны миксерге салып үстіне коньяк немесе шарап, сүт құяды және мұз салады. Арнаулы стақандармен немесе шампан стақанымен беріледі. Үстіне тартылған мускат жаңғағын немесе шоколад ұнтағын себелеп береді. Ірі мұз кесектерін салады. Түтікшемен ішеді. Қазіргі кезде алкогольсіз флиптер де дайындалады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Флип · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.