thumb|right|250px Саптық дайындық — әскери қызметшілерді тәртіпке үйрететін, олардың саптық бойын түзейтін, саптық тәсілдерді жылдам әрі дәл орындауға қалыптастыратын, ширақтыққа, ептілікке және шыдамдылыққа дағдыландыратын басты әскери пәндердің бірі.

Сонымен қатар саптық дайындық бөлімшенің саптық үйлесімділігін қалыптастырады, оларды оңай басқарылатындай және әскерлердің ұрыстық әзірлігін жоғарылатуға ықпал етеді. Ол сарбаздың және бөлімшенің табысты тактикалық дайындыгының негізі болып табылады.

Саптық дайындық элементтері тактикалық сабақтарға атыс және дене тәрбиесі дайындықтарының элементтерімен қатар енгізіледі.

Саптық дайындық төмендегі бөліктерден тұрады:

жеке дайындық сарбаздардың қарумен және карусыз орындалатын саптық тәсілдерді үйренуі;

сапта, ұрысқа кіру реттерінде, тізбекте (белімшенің ұрыс желісі) бірлесіп қимыл жасау үшін бөлімшені даярлау және үйлестіру;

бөлімшелерді машиналармен қимылдарға үйрету.

Жеке саптық үйрету саптық дайындықтың негізгі түрі болып табылады, себебі жалпы бәлімшені және бөлімді үйрету мен үйлестірудің табысты болуы әрбір сарбаздың дайындық дәрежесіне байланысты болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс