Мұнайлы ауданы — Маңғыстау облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Маңғыстау ауылы, облыс орталығынан қашықтығы 20 км. Аудан көлемі 4 922 км2.

Тарихы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының 1980 жылғы 17 қазандағы № 593-Х санды Жарлығымен Мұнайлы ауданы алғаш рет орталығы Маңғышлақ поселкесі болып құрылды. 1988 жылы саяси қоғамдық ахуалдарға байланысты Мұнайлы ауданы қысқартылып, елді мекендері Шевченко және Форт-Шевченко қалаларына қосылды.

Аудан Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрамына өзгертулер енгізу туралы» №338 санды жарлығына сәйкес екінші рет құрылдыТарихы . Құрамына Ақтау қаласына қарасты Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе ауылдық округтері енгізілді. Сол жылы жаңадан Дәулет, Атамекен, Басқұдық ауылдық округтері, 2011 жылы Батыр ауылдық округі құрылды.

Географиясы және климаты Аудан Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнайлы ауданы солтүстігінде Түпқараған, Маңғыстау аудандарымен, батысында Ақтау қаласымен, оңтүстігінде Қарақия ауданымен шектеседі.

Мұнайлы ауданының орналасқан жері теңіз жағасынан 20-23 шақырым қашықтықта орналасқан, жері тастақ, төңірегі тегістік, жазық дала. Ауданның климаттық жағдайы цельси температурасымен есептеген кезде қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы – 4-9ºС. Солтүстігінде - 10ºС, кейде - 15ºС дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +24-38ºС аралығында.

Аудан көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Аудан аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басымӘлеуметтік-экономикалық төлқұжат .

Халқы Мұнайлы ауданы шоғырланған халықтың көпшілігін, яғни 80 пайызы алыс-жақын шет елдерден көшіп келген қандастар құрайды.

Этнос Саны, адам Пайыздық үлесі, % Қазақтар 156 747 97,19 Қарақалпақтар 1 369 0,84 Орыстар 1 076 0,66 басқа этностар 2 078 1,31

Санақ жылы Саны, адам 2015Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2015 жылдың басындағы саны 128 750 2019 161 270

Әкімшілік бөлінісі Ауданның 7 ауылдық округінде 8 ауыл бар: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылы 1 29294 Басқұдық ауылдық округі Басқұдық ауылы 1 31534 Батыр ауылдық округі Батыр ауылы 1 16621 Баянды ауылдық округі Баянды ауылы 1 7823 Дәулет ауылдық округі Дәулет ауылы 1 10135 Қызылтөбе ауылдық округі Қызылтөбе ауылы 2 25290 Маңғыстау ауылдық округі Маңғыстау ауылы 1 33141

Әкімдері Оспан Қазақбаев (2007-2010) Елубай Әбілов (2010-2015) Нұрлан Тәжібаев (2015-2018) Рахат Елтизаров (2018-2022) Ержан Күмісқалиев (2022-2024) Қанат Құлжанов (2024 ж. бастап)

Дереккөздер

Санат:Мұнайлы ауданы