Маңғыстау облыстық медицина колледжі (МОМК)Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; – арнаулы орта оқу орны. Оқу орны бүгінгі таңда бәсекелестікке бейім мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге толық материалдық-техникалық базамен жарақталған.

Тарихы «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1985 ж. 11 наурызда ҚССР Денсаулық сақтау министрлігінің 11.03.1985ж. № 149 бұйрығымен, 07.02.1985ж. ҚССР Жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігі коллегиясының қаулысымен ұйымдастырылып, «Новый Узень қаласының медициналық училищесі» болып аталды. 30 жыл бойы колледж атауын бірнеше рет өзгертті:

03.10.1990ж. облыстың атауы өзгеруіне байланысты Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау бөлімінің №05 бұйрығының негізінде оқу орны «Маңғыстау облыстық медициналық училище» деп өзгертілді; 1996ж. маусым айының 14 жұлдызында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №282 бұрығының негізінде оқу орны «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» деп өзгертілді. Кәсіпорын Маңғыстау облысы әкімінің 24.02.1999ж. №4 шешімінің негізінде құрылған; 2002ж. қаңтар айының 18 жұлдызында «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп өзгертілді.

Колледж Жаңаөзен қаласы Әкімиятының 2001ж. 11 желтоқсандағы №27 қаулысымен бекітіліп, Маңғыстау облыстық Юстиция Департаментінің 18.01.2002 жылғы №2746-1943- МК нөмерімен тіркелген Жарғысы негізінде қызмет етеді.

Мамандықтары «Емдеу жұмысы» «Акушерлік жұмыс» «Ортопедиялық стоматология» «Медбике ісі» «Лабораториялық диагностика»

Директорлары 1985-1989 - Құлжабек Өскенбайұлы Өскенбаев 1989-1993 - Сәуле Дәулетиярқызы Құдайбергенова 1993-1994 - Ғарипулла Қайсағалиұлы Қайсағалиев 1995-2001 - Тимур Оразғалиұлы Әлқуатов 2001 жылдан бастап - Төлебек Тұрарбекұлы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау облысы колледждері