Қуатбай МалбасаровМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1936 жылдары туған , Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы ) – түйеші, Маңғыстау ауданының чемпион түйешісі (1979). 1958 – 1969 жылдары Правда ұжымшарында, 1969 – 1973 жылдары «Маңғыстау» кеңшарында түйе баққан. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен марапатталған (1970). КСРО ХШЖК-нің 3 рет күміс, қола медальдарымен марапатталған. Социалистік жарыстың жеңімпазы (1973 – 1979).

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері