Элювийлік горизонт, шайылу горизонты- ерітінді және суспензия түрінде топырақ және грунт суларымен шайылып шығарылтан түнбалық (ұйықтық) бөлшектерден, тотықтардан (алюминий, темір), негіздерден (кальций, натрий, калий) азайған топырақ пішінінің үстіңгі бөлігіндегі горизонты. Шайылған сайын Элювийлік горизонтта кварц және кейбір топырақтарда аморфтық кремнезем жиналады. Бұдан топырақ пішіні ақшыл сұр немесе ақ түсті, құрылымсыз болады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия