Уәлиханов ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1928 жылы Қызылту ауданы болып құрылған. Аумағы 12,88 мың шаршы км. Орталығы – Кішкенекөл ауылы, облыс орталығы Петропавл қаласымен арасы – 340 км.
Географиялық орны, жер бедері Аудан солтүстiгi мен солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында Павлодар облысының Ертіс, Ақтоғай, оңтүстiгiнде Ақмола облысының Біржан сал, Ерейментау аудандарымен, батысында облыстың Ақжар ауданымен шектесiп, орманды дала зонасында орналасқан. Аумағының топырағының бедерi негiзiнен әдеттегi оңтүстiктiң қара топырағы болып келедi. Өсетін өсімдіктері боз, бетеге, жусан, сұлыбас, қамыс және т.б., кейде қайың мен көктерек тоғайлары мен бұталар кездеседі. Аудан бойымен Сілеті, Талдыбай, Қыздың қарасуы, Семізбай және т.б. өзендер ағып өтеді. Сілетітеңіз, Теке, Кішкенекөл, Саржан, Қоңдыбай атаулы ірі көлдер бар. Теке көлінің су айнасының ауданы 260 км², минералдардың үлкен қоры болып табылады, күкіртті сутекті тұнбаларға бай. Теке көліне Ақсай және Талдысай өзендері құяды.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 21777 29616 40929 28418 29791 25920 17991 15858 Тұрғындары 16 293 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (89,95%), орыстар (5,54%), украиндар (1,45%), татарлар (1,13%), немістер (0,95%), беларустар (0,34%), басқа ұлт өкілдері (0,66%).
Әкімшілік бөлінісі 24 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2009) Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы 3 1307 Ақтүйесай ауылдық округі Ақтүйесай ауылы 3 1631 Амангелді ауылдық округі Амангелді ауылы 2 1062 Бидайық ауылдық округі Бидайық ауылы 3 2079 Көктерек ауылдық округі Мортық ауылы 2 1001 Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылы 1 6814 Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылы 2 617 Қарасу ауылдық округі Аққұдық ауылы 2 537 Қаратерек ауылдық округі Қаратерек ауылы 1 624 Қулыкөл ауылдық округі Қулыкөл ауылы 3 1545 Телжан ауылдық округі Телжан ауылы 2 1093
Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2009) Кішкенекөл 3754 Бидайық 1216 Қулыкөл 947 Ақтүйесай 885 Ақбұлақ 639 Мортық 595 Қондыбай 579 Телжан 572 Көбенсай 521
Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 192 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 12 - орта, 178 - шағын кәсiпорындар. Олардан 89 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 103 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,3%-ы өндiрiлген (12 612,2 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 139,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,2%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 135,3% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 151,3 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 75,1% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 8 163,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,9% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 910,1 млн.теңге құрады. Пайдалануға 4,6 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 11,9 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 21,5% өсiп, 40 123 теңгенi құрады. Нақты жалақы 13,6% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 21 995 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 272 теңге құрады.
Тұлғалары Серік Негимов
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы