Флювиогляциалдық түзілімдер ( — өзен, glacialis — мұздық) - еріген мұздық суы тасқындарынан шөккен қабатты шөгінділер. Олар көбінесе малтатастардан, гравийден, қиғаш қабатты құмнан түзіледі. Мұздық ішкі (интрагляциалдык) және мұздық маңы (перигляциалдық) флювиогляциалдық түзілімдер деп ажыратылады. Әр түрлі бедер пішіндерін құрайды (оздар, зандрлар және т.б.).Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия