Өндірісті шоғырландыру – біртекті немесе технологиялық байланыстағы өнімді шығарудың тиімділігін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндіріс пен жұмыс күшін шоғырландыру процесі.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Өндірістің аумақтық шоғырлануы Өндірістің аумақтық шоғырлануы – жеке бір пунктте, ареалда, ауданда және елде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының және олармен байланысты өндірістік инфрақұрылым құрылыстарының топталуымен сипатталатын өндірістің орналасу түрінің бірі, өндірістің аумақтық шоғырлануы — географиялық еңбек бөлінісінің нәтижесі, ол сондай-ақ қоғамдастырылған өндіріс процесінің географиялық ерекшеліктеріне тәуелді. Өнеркәсіп тұрғысынан алғанда, аумақтық шоғырлануды екі деңгейге - жергілікті (мұнда аумақтық өнеркәсіптік өндірістің шоғырлануы, ең алдымен қалалық шоғырлану есебінде қаланың немесе қала агломерациясының типімен және мөлшерімен байланысты болады) және аудандық (экономикалық аудан әкімшілігі бірлігінің шегінде) деп бөледі.

Дереккөздер

Санат:География және геодезия