Қысқы (Патрон) — дайындамаларды немесе кескіш құралдарды білдектерге бекітуге арналған білдек айлабұйымыПолиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. немесе қосалқы құралы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 Түрлері

Бекіту әдісі бойынша қысқылардың түрлері: Қыспақты қысқы (Зажимный патрон) — бекіту үшін қыспақтық бөлшектерді қолданатын қысқы. Механикалык қысқы (Механический патрон) — бекіту үшін механикалық жүйені қолданатын қысқы. Цангылы қысқы (Цанговый патрон) — бекіту үшін цанга қолданылатын қысқы. Бұранда ойғыш қысқы (Резьбонарезной патрон) — бұранда ойғыш құралдарды бекітуге арналған қысқы. Пневматикалық қысқы (Пневматический патрон) — бекіту үшін қысылған ауа қысымын қолданатын қысқы. Электр магнитті қысқы (Электромагнитный патрон) — бекіту үшін электр магниттерін қолданатын қысқы. Байонетті қысқы (Байонетный патрон) — байонетті қыспағы бар қысқы. Жұдырықшалы қысқы (Кулачковый патрон) — бекіту үшін жүдырықшаларды қолданатын қысқы. Үшжұдырықшалы қысқы — айналма денесі түріндегі дайындамаларды немесе тетіктерді центрлеуге және бекітуге арналған үш жұдырықшасы бар өздігінен центрленетін жұдырықшалы қысқы. Төртжұдырықшалы қысқы — симметриялы емес дайындамаларды немесе тетіктерді бекітуге арналған төрт жұдырықшасы бар жұдырықшалы қысқы.

Сондай-ақ қысқылардың келесі түрлері болады: Жүзбелі қысқы (Плавающий патрон) — құралдың өңделетін тесікке өздігінен орнығу мүмкіндігін туғызатын қысқы. Жетекті қысқы (Поводковый патрон) — өзіне бекітілген дайындаманы немесе тетікті айналдыратын құрылғысы бар кысқы. Өздігінен орнығатын қысқы (Самоустанавливающийся патрон) — бекітілген құралдың өз осіне параллель және перпендикуляр орын ауыстыруы мен бірқатар бұрышқа тербелу мүмкіндігін туғызатын қысқы. Дереккөздер

Санат:Құралдар