Азия ойындары, Азияда – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтанатын қоса алғанда, кем дегенде 7 және 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны осы кеңес меншігі болып табылады. thumb|Қатысушы елдер
Тарихы Азия ойындарының пайда болуы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа ел өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда ХІV Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті өзінің басшысы Гуру Дутт Сонди тұрғысында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.
Федерацияның құрылуы 1962 жылы федерацияда Тайвань және Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия аталған елдерді федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпке байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістан арасындағы қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. «Азиялық Олимпиада кеңесі» деп аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес 1986 жылдан бері ойындарды қадағалайды. Тайвань федерацияға қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай» (Тайпэй) деп атайды. Израиль шығарылып тасталып, еуропалық жарыстарға қосылды.
Кеңейтілуі 1994 жылы бірнеше елдің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын ойындарға шақырды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан.
Ең бірінші және екінші қысқы Азия ойындарын жапон мемлекеті қатарынан екі рет 1986-1990 жылдары өткізді. Алғашқыда спорттың 7 түрінен жарыстар болса, төрт жылдан кейін спорттың 6 түрінен өткізді. Бұдан кейін Қытай мемлекетінің Харбин қаласында 1996 жылы спорттың 7 түрінен 10 мемлекет қатысқан ойындар ұйымдастырылды. Төртінші Азиада алауы 1999 жылы Корей елінің Кангвон қаласында тұтанды. Бесінші Азиада ойынының жалауын желбірету 2003 жылы Жапон мемлекетінің еншісіне тиді. Азиада ойындарын өткізу мәртебесі Қытай еліне 2007 жылы қайта оралды. Енді міне, жетінші алау 2011 жылы Қазақ елінде маздады.
2007 жылы Аустралия АОК-ға кіруден бас тартты, өткені ол Океания ұлттық олимпиадалық комитеттеріне мүше (ал 2015 жылдан Тынықмұхиты ойындарына қатысады).
2010 жылғы Азия ойындарында бірінші рет крикет таныстырылды.
Қатысушы елдер Ауғанстан
Спорт түрлерінің тізімі
20px Есу — 1982 жылдан 20px Академиялық есу 20px Байдарка мен каноэде есу 20px Драгонботтарда есу 20px Есу слаломы 20px Ат спорты — 1982 мен 1986 жылдар, 1994 жылдан бастап Әртістік жүзу — 1994 жылдан 20px Бадминтон — 1962 жылдан 20px Баскетбол — әрқашан 20px Бейсбол — 1994 жылдан Бильярд — 1998-2010 жылдар Бодибилдинг — 2002-2006 жылдар 20px Бокс — 1954 жылдан 20px Боулинг — 1978 жыл, 1986 жылдан Велоспорт — 1951 жыл, 1958 жылдан 20px Волейбол — 1958 жылдан 20px Гандбол — 1982 жылдан 20px Гимнастика — 1974 жылдан 20px Гольф — 1982 жылдан Байдаркада және каноэде есу — 1990 жылдан 20px Дзюдо — 1986 жылдан 20px Джиу-джитсу — 2018 жылы бастап 20px Жеңіл атлетика — әрқашан Желкенді спорт — 1970 жыл, 1978 жылдан 20px Су спорты — 1951 жылдан 20px Су полосы <small> 20px Жүзу 20px Суға секіру 20px Синхронды жүзу 20px Ашық суда жүзу 20pxКабади — 1990 жылдан 20px Қазіргі бессайыс — 1994 жыл, 2002 жыл 20pxКаратэ — 1994 жылдан 20px Күрес - 1954 жылдан Еркін Грек-рим Крикет — 2010-2014 жылдар 20px Кураш — 2018 жылдан бастап Нысана көздеу — 1954 жылда Регби-7 — 1998 жылдан 20px Самбо — 2014 жылдан 20px Сепак такрау — 1990 жылдан 20px Сквош — 1998 жылдан 20px Софтбол — 1990 жылдан Спорт биі — тек қана 2010 жылы Садақ ату — 1978 жылдан Софт-теннис — 1994 жылдан 20px Теннис — 1958-1966 жылдар, 1974 жылдан 20px Үстел теннисі — 1958—1966 жылдар, 1974 жылдан 20px Триатлон — 2006 жылдан 20px Тхэквондо — 1986 жылдан 20px Ауыр атлетика — 1951-1958 жылдар, 1966 жылдан 20px Ушу — 1990 жылдан 20px Семсерлесу — 1974-1978 жылдар, 1986 жылдан 20px Футбол — әрқашан Көгалдағы хоккей — 1958 жылдан Шахмат — 2006-2010 жылдар Пенчак силат — тек қана 2018 жылы 20px Парапланерлік спорт — тек қана 2018 жылы Роллерлік спорт — тек қана 2018 жылы
Азия ойындарының тізімі thumb|770px|left|Жазғы Азия ойындарына 2014 жылға дейін қатысқан және қатысатын мемлекеттер. Қызыл нүктелер Азия ойындарының қалалары
thumb|right|1958 жылғы Азия ойындарының құрметіне жасалған Жапония маркасы ЖылНөмірОрынКүніМемлекеттер 1951 I Нью-Дели, Үндістан 4—11 марта 11 1954 II Манила, Филиппиндер 1—9 мамыр 19 1958 III Токио, Жапония 24 мамыр — 1 маусым 16 1962 IV Джакарта, Индонезия 24 тамыз — 4 қыркүйек 12 1966 V Бангкок, Тайланд 9—20 желтоқсан 16 1970 VIАлғашында Кореяда өтуі тиіс еді Бангкок, Тайланд (2) 9—20 желтоқсан 16 1974 VII Тегеран, Иран 1—16 қыркүйек 19 1978 VIIIАлғашында Пәкістанда өтуі тиіс еді Бангкок, Тайланд (3) 9—20 желтоқсан 19 1982 IX Нью-Дели, Үндістан (2) 19 қараша — 4 желтоқсан 23 1986 X Сеул, Корея Республикасы 20 қыркүйек — 5 қазан 23 1990 XI Пекин, Қытай 22 қыркүйек — 7 қазан 36 1994 XII Хиросима, Жапония 2—16 қазан 42 1998 XIII Бангкок, Тайланд (4) 6—20 желтоқсан 41 2002 XIV Пусан, Корея Республикасы 29 қыркүйек — 14 қазан 44 2006 XV Доһа, Катар 1—15 желтоқсан 45 2010 XVI Гуанчжоу, Қытай 12—27 қараша 45 2014 XVII Инчхон, Корея Республикасы 19 қыркүйек — 4 қазан 45 2018 XVIII Джакарта және Палембанг, Индонезия тамыз 18 - қыркүйек 3 45 2022 XIX Ханчжоу, Қытай қыркүйек 23 - қазаң 8 45 2026 XX Нагоя, Жапония қыркүйек 19 - қазан 4 2030 XXI Доһа, Қатар қараша 2034 XXII Эр-Рияд, Сауд Арабия қараша
Жалпы медальдар санағы
Ойындар тарихында бүкіл қатысушы 46 ұлттық олимпиада комитеттерінің 43-і кем дегенде жарыста бір медаль жеңіп алған, бір де бір медаль ала алмаған үш мемлекет қалды:Бутан, Мальдивтер және Шығыс Тимор әлі бір медаль ұтып ала алмаған. 38 ұлт кем дегенде бір алтын медаль жеңіп алған (тек Жапония мен Үндістан ғана әрбір Азия ойындарында кем дегенде бір алтыннан ұтып алған), ал ойындар тарихында Жапония мен Қытай ғана жалпы чемпиондар атанған.
1 1674110579135702 10841104105432423 78772291624254 1922022176115 1651802926376 1832393577797 1441893116448 1211611884709 11816430458610 98130264492 Барлығы 5,258 5,231 6,390 16,879
Қайнары
Сілтемелер
2026 Азия Жазғы Ойындарының ресми сайты Азия Олимпиадалық Кеңесінің сайты
Санат:Азия ойындары Санат:Спорт